Спорт Қазақстан
$448.89 €477.93 ₽4.76
×

АҚШ Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымынан шығатынын ресми түрде мәлімдеді

AstanaTV
08.07.2020ж. 20:00
2748
АҚШ Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымынан шығатынын ресми түрде мәлімдеді

АҚШ Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымынан шығады. Ақ үй басшысы БҰҰ-да осындай мәлімдеме жасады. Дональд Трамп, "Денсаулық сақтау ұйымы Қытайға бағынышты", деп айтыптады. Оның пікірінше, ұйым COVID-19-дың таралу қаупін алдын ала ескермеген және уақытылы шара қолданбады. АҚШ-тың ұйымнан кетуі туралы шешім бір жылдан соң күшіне енуі тиіс.

Дональд ТРАМП, АҚШ ПРЕЗИДЕНТІ:

Егер Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жауапкершілікті сезініп, індетке қатысты жағдайды бағалау үшін сарапшыларды Қытайға дер кезінде жібергенде мұндай қиындыққа тап болмас едік. Қытай ашық ақпарат таратпады және оған денсаулық сақтау ұйымы тиісті деңгейде назар аудармады. Осының салдарынан әлемде өлім көбейіп кетті.

Трамптың бұл шешімі АҚШ халқын екіге бөлді. Мақтайтын да даттайтын да көп. Мұны президент сайлауына түсетін бәсекелестер де қызу талқылай бастады.

Боб МЕНДЕС, АҚШ КОНГРЕСІНІҢ СЕНАТОРЫ:

Пандемия өршіп тұрған кезде, Конгресс АҚШ-тың Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымынан шығатынын біліп отыр. Трамптың неліктен мұндай қадамға барғаны түсініксіз. Шешім азаматтарымыздың өмірі мен мүдделерін қорғамайды. Америкалықтар індетпен күресте жалғыз қалуы мүмкін.

Ал, Трамптың басты қарсыласы Джо Байден болса. Жеңіске жеткен жағдайда АҚШ-ты ұйымға қайтаратынын айтып, уәде ерді.

Джо БАЙДЕН, АҚШ ПРЕЗИДЕНТТІГІНЕ ҮМІТКЕР:


Менің ойымша, Америка ұйыммен бірлесіп жұмыс істесе ғана халық қауіпсіздікті сезінеді. Сайлауда жеңіске жетсем, ең бірінші қадамым ұйымға қайта оралу болмақ. Бұл біздің халықаралық аренадағы беделіміздің арттырады.

Джо Байденнің сөзін құптайтындар аз емес. АҚШ-тың ұйымнан кетуі халыққа ауыр соққы болады, деген пікір айтылуда. Өйткені, Америка денсаулық сақтау саласындағы ғылыми жаңалықтардан қол үзіп қалуы мүмкін. Дональд Трамптың бұл шешімі Денсаулық сақтау ұйымы да алаңдатты. Себебі ұйым басты демеушісінен айырылып отыр. Ұйымға түсетін қаражаттың 15 пайызы АҚШ-қа тиесілі еді.

Ғ.Өтемісов