Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

Аптап ыстықта суға кеткендер көбейді

AstanaTV
08.07.2020ж. 20:00
2719
Аптап ыстықта суға кеткендер көбейді

Ақтөбеде шомылу маусымы басталғалы он адам суға кеткен. Оның үшеуі бала. Оқыс оқиғаның бірі Алға ауданына қарасты Қарақобда ауылында болды. Суға шомылуға барған 12 жасар баланың аяғы тартылып қалыпты. Мәйтті ауыл тұрғындары тапты.

Руслан САХИЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ТЖД АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:

Қарақобда өзенінде суға шомылу барысында 2008 жылы бала суға кетіп,жергілікті тұрғындармен 1,5 метр судан алып шықты. Суға шомылу маусымы басталғаннан бері тыйым салынған жерлерде шомылған 10 адам суға кетті.

Мұның алдында ғана Қарғалы ауданында осыған ұқсас оқиға тіркелген. Мамандардың айтуынша, балалар көбінесе тиым салынған жерлерге барып суға түсетін көрінеді. Ал, Ақтөбе облысында шомылуға рұқсат етілмеген 261 орын бар.

Б. Рақметова