Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Қазақстандық бизнес отандық ғалымдардың жобаларын өндіріске енгізуге мүдделі

AstanaTV
28.09.2017ж. 20:00
2337
Қазақстандық бизнес отандық ғалымдардың жобаларын өндіріске енгізуге мүдделі

911 миллион теңге. Өткен жылы қазақстандық бизнес өкілдері отандық ғалымдардың жобаларын өндіріске енгізу үшін осынша қаржы салған. Бұл туралы Білім және ғылым министрлігінің өкілі Болатбек Әбдрасылов айтты. Елбасының тапсырмасымен "100 нақты қадам" Ұлт жоспары аясында ғылыми-техникалық саланы коммерциялау туралы Заң қабылданған. Бұл маңызды құжаттың жүзеге асырылу барысы "Нұр Отан" партиясы ұйымдастырған жиында талқыланды.

"Жоғары технологияларды дамыту" бағыты бойынша комиссияның отырысына Мәжіліс депутаттары, бірқатар министрліктер мен ҮЕҰ өкілдері қатысты. Басқосуда айтылғандай,  ғалымдар енді түрлі гранттар бойынша өтінішті онлайн режимде бере алады. Бүгінде қаржыландыру екі бағытта, яғни ғылым қоры мен дүниежүзілік банктің қолдауымен жүзеге асырылып жатыр. 

Болатбек Әбдрасылов, ҚР БҒМ Ғылым комитетінің төрағасы:

Екі бағыт бойынша 47 грантқа ғалымдар қол жеткізді. Ғылымдағы алған нәтижені өндіріске инновация арқылы өткізу жұмыстары өте қарқынды жүріп жатыр. Шамамен 10 млрд теңге бөлінді бұл жұмыстарға грант ретінде.