Спорт Қазақстан
$439.43 €473.31 ₽4.82
×

Нұротандықтар латын әліпбиінің жайын талқылады

AstanaTV
28.09.2017ж. 20:00
2581
Нұротандықтар латын әліпбиінің жайын талқылады

Қарағандыда латын қарпіне көшудің маңызын түсіндіретін ақпараттық-насихат топтары құрылып жатыр. Ғалымдар мен тілтанушылардан тұратын белсенділер ұйымы аталған əліпбидің əлемдік мəнімен қоса, техникасы мен фонетикалық ерекшеліктерін де талдап береді. Бұл туралы филологтар "Нұр Отан" партиясының Қарағанды облыстық филиалының қарамағындағы "Мирас" аймақтық қоғамдық кеңесінің отырысында айтты. Осы мақсатта құрылған топтар жоғары оқу орындарында жұмыс істей бастаған.

Ал «Нұр Отан» партиясының Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалында өткен «Мирас» қоғамдық кеңесінің отырысына қатысқандардың басым бөлігі латын әліпбиінде бір таңба бір дыбысты беруі керек деп отыр.

Бекзат Алтынбеков, "Мирас" республикалық қоғамдық кеңесінің Қарағанды облыстық филиалының төрағасы:

Қазақ əліпбиіндегі біздің бірнеше екі таңбамен белгіленетін əріптер жайлы, олардың таңбалануы жайлы көп ой айтылып жатыр. Бұл арнайы хатталып, республикалық "Мирас" кеңесіне жолданады. Талдана отырып, мемлекеттік комиссияға жеткізіледі.

Нұрмахан Жолдасов, «Нұр Отан» партиясы ОҚОФ төрағасының бірінші орынбасары:

Мақсатымыздың барлығы - Елбасының осы халыққа түсініктеме жұмыстарыменен жәй латын әрпіне өту және оларды кейінгі айтылуларымен дұрыс қолданылулары, кейінгі ұрпағымыздың алдында ұялмайтын, жақсылап талқылаулар жүргізіп, соны дұрыстап шығару.

"Нұр Отан" партиясының Солтүстік Қазақстан облысы филиалындағы дәл осындай жиынға қатысушылар кез келген тілдің болашағы үш негізгі фактормен анықталады, деді. Ол - оның мәдени әлеуеті, қалыптасқан әлеуметтік базасы және саяси күштің әсері. Бүгінде қазақ орфографиясымен айналысып жатқан Тіл білімі институтына латын әліпбиінің 100-ден астам үлгісі ұсынылды. Оның ең қолайлысы жуырда қаралған болатын. Тың жобада жаңа графика 25 таңба мен 8 диграфтан тұрады.