Шымкентте тұрғын үй құрылыс жинақ банкі салымшыларының мәселесі шешіле бастады. Тұрғындардың алды жаңа пәтерге қолы жетіп, қоныстанып жатыр. Басыбайлы баспаналы болғандардың бірі - Айман Серікқалиқызы. Ол, пәтерін он жыл күткен. Келісім-шарт бойынша ол желтоқсан айында баспаналы болуы тиіс еді. Алайда, Айман Серікқалиқызының пәтері жастарға беріліп кеткен. Айман сияқты 176 салымшы ақпарат құралдарынан көмек сұраған.
Айман СЕРІКҚАЛИҚЫЗЫ:
Алты ай болды ала алмай жүргенімізге. Енді сол шешімін тауып, әкімге барып едік, әкім біздің уәде берді үшінші шілде күні қолдарыңызға кілт аласыздар деп, сол уақытында біздерге кілтін берді. Өте қуаныштымыз.
Бағлан ӘБЕНҚҰЛОВ:
Сол уәдесінде тұрып қаламыздың әкімі Мұрат Әйтенов мырза мынау үйімізге қоныстануға рұқсат беріп, осы елдегі болып жатқан жағдайға қарамастан «Нұрлы жер» бағдарламасын іске асыру барысында құрылыс жинақ банкісі арқылы осы үйдің кілтін қолымызға тапсырды.
Бұл мәселе қала әкімі Мұрат Әйтеновтің араласуымен шешімін тапты. Жиналған жұртқа шаһар басшысы, баспана жақын арада беріледі, деп уәде берген. Сөйтіп, жарты жылға созылған пәтер жыры, бір аптаға толмай оң шешімін тапты.
А. Төребекқызы