Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Жас ұшқыштар үшін жаңа жаттығу құралы жасалды

AstanaTV
10.07.2020ж. 20:00
2584
Жас ұшқыштар үшін жаңа жаттығу құралы жасалды

Әуе қорғанысы күштері Әскери институтының профессорлары мен оқытушылары курсанттарға арналған арнайы тренажер әзірледі. Ол, оқу әдістемесіне енгізілді. Жаңа қондырғы - Ми-8мт тікұшағы мен Як-52 ұшағының компьютерлік моделіне ұқсас. Онда ұшу аппараттарының, қозғалысы мен қару-жарағы шынайы көрсетілген. Ұшу динамикасы да сынақтан өтеді. Оқытушылар енді сабақ барысында экран арқылы ұшақтың кез келген функционалдық жүйесі көрсете алады. Институт басшылығы жаңа тренажердің арқасында оқу тиімділігі артады деген сенімде.

А. Мүтәлі