Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Бүгін Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні

AstanaTV
13.07.2020ж. 20:00
2252
Бүгін Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні

Бүгін Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні. Мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдары, шекаралық дипломатиялық мекемелер ғимаратындағы мемлекеттік ту төмен түсіріледі. Барлық телеарнада ойын-сауық бағдарламалары көрсетілмейді. Ал, түскі сағат 12:00-де індеттен қаза тапқан 375 отандасымызды еске алу үшін бір минуттық үнсіздік жарияланды. 

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ:

Әрбір кісі өлімінің артында қара жамылған біраз адамның - әкелер мен аналардың, қыздарымыз бен ұлдарымыздың, дос-жарандарымыздың қайғы-қасіреті тұр. Мезгілсіз қаза болғандардың туған-туыстары мен жақындарына қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамын. Біз береке-бірлік пен тұтастықтың арқасында талай сынақтан сүрінбей өттік. Бұл қиындықты да ел болып еңсереміз деп сенемін.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев, коронавирустан қаза тапқан қазақстандықтарды еске алу үшін 13 шілдені Жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялаған еді. Бұл ел тарихындағы 9-ші қаралы күн. Аза тұту күні әдетте көп адам өлімі тіркелгенде, терактілер мен басқа да қайғылы оқиғалар болғанда және аса көрнекті қайраткерлер өмірден озғанда жарияланады.

Ә. Өмірзақ