"Шаш ал десе, бас алады", демекші. Ұлттық аза тұту күні Шымкенттік дәрігерлер флешмоб өткізіп сынның астында қалды. Ғаламтор арқылы тараған мына кадрдан медицина қызметкерлерінің жолды жағалай тұрғанын көруге болады. Бұл Түркістан облыстық туберкулезге қарсы диспансердің бас дәрігерінің "қажетсіз бастамасы" болып шықты. Ол, бүгін бүкіл ұжымды осылай тізіп қойыпты. Флешмоб, өңір басшылығына да ұнамаған сияқты. Облыс әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов,"Тексерістен кейін аурухана басшысы жауапқа тартылады", деп мәлімдеген.
А. Данияр