Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Қызылжарда жаңадан ашылған провизорлық стационар сынның астында қалды

AstanaTV
13.07.2020ж. 20:00
2243
Қызылжарда жаңадан ашылған провизорлық стационар сынның астында қалды

Қызылжарда жаңадан ашылған провизорлық стационарға жұрттың көңілі толмай отыр. Коронавирусқа шалдыққандардың саны тым артқан соң, ауруханалар науқастарға лық толған. Сондықтан жергілікті университеттің жатақханасы стационарға айналып қайта жабдықталды. Алайда, медициналық нысан сын көтермейді. Науқастардың айтуныша, орталықта қарапайым кварц шамдары жоқ. Ем қабылдап жатқандар, өз қолдарымен түсірген видеоны біздің арнаға жолдады.

Гүлбаршын ӘБДІРБЕКОВА, НАУҚАС:

Міне сағат он бір болды, әлі система да алған жоқпыз. Барып сұрап алуым керек. Укол сменаға байланысты. Тәртіп жоқ бұл жерде. Адам жоқ. Күнде күнде ауыса бергесін, жауапкершілік жоқ сияқты.

Науқастардың айтуынша, 200 орынға шақталған нысан екі ақ күнде адамға толып қалыпты. Ем алушылардың басым бөлігі, ауыл аймақтан келгендер. Жалпы, өңірде инфекциялық және провизорлық стационарға арналған 1,5 мыңдай жатын орын бар.

Нұрлан АЙМАНОВ, СҚО ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:

Бұл жатақханадағы стационарға облыстық аурухана жауапты. Бірақ дәрігерлер жетіспей жатқандықтан біз оған емханалардағы дәрігерлерді алдыртып жатырмыз. Өңірде 81 өкпені жасанды желдету құрылғысы бар. Тағы 20-сы қажет. Тапсырыс берілді, тамыздың басында келуі тиіс.

Абзал ҚҰРМАНКИН, ТІЛШІ:

Жалпы Солтүстік Қазақстан облысында 1700-ден астам адам коронавирус ауруына шалдыққан. Жыл басынан бастап өңірде ковид -19 індетінен 6 адам, ал пневмониядан 44 адам көз жұмды. Денсаулық сақтау басқармасы жатын орындарының санын әлі де өсіруді көздеп отыр. Өзге аймақтардың тәжірибесіне сүйеніп, қазір Петропавлдағы теннис орталығы жарақтандырылды. Резервке қойылған нысан жағдай ушыққан кезде іске қосылуы мүмкін.

 А.Құрманкин