Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Павлодар облысында дәрі-дәрмек тапшылығы байқалады

AstanaTV
14.07.2020ж. 20:00
2680
Павлодар облысында дәрі-дәрмек тапшылығы байқалады

Павлодар облысында дәрі-дәрмек тапшылығы байқалады. Әсіресе, Ақсу қаласында. Мұндағы дәріханаларда тұмауға арналған дәрі мүлдем жоқ. Бақылау тобы ұйымдастырған аранйы рейд осыны дәледеді.

Альмира САМОЙЛОВА, АҚСУ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Дәріханалардан не парацетмол, не аспирин, не вирусқа қарсы дәрі таба алмадым. Тіпті антисептиікте жоқ.

Ал қала әкімі болса, шарасыз екенін айтады. Дәрі-дәрмек ташылығы болашақта шешіледі деген үміт бар.

Балғабай ЫБЫРАЕВ, АҚСУ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ:

Дәрі-дәрмектің көп мөлшердегі партиясы жақында келеді деп күтіп отырмыз. Сондықтан, дәрі тапшылығы біртіндеп шешіледі деген ойдамын.
 
Дәріханада жоқ дәрінің бәрі осы күнде алыпсатарлар қолында. Оны керекулік полиция анықтады. Бір аптаның ішінде заңсыз дәрі сатқан 20 адам ұсталды. Бұған бөлек дәрі-дәрмек бағасын негізссіз көтерген 11 дерек тіркелді.

Ардақ БАЛҒОЖИН, СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ АГЕНТТІКТІҢ ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:

Мәселен, бір дәріхана аскорбин қышқылының бір қорабын 300 теңгеден сатқан. Оның нарықтағы бағасы 235 теңге. Хаттама толтырылып, құжат тиісті органдарға жолданды.

Өзгеріс ҚУАНАР, ТІЛШІ:

Дәрілердің бар жоғын анықтау мақсатында Павлодар қаласындағы 2-3 дәріханаға кірдік. Алайда, біз іздеген дәрілер табылмады. Өңір билігі алдағы бірер күнде  қажетті дәрілер жеткізілетін айтады.


Ө. Қуанар