$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Өткен тәулікте коронавирустан 21 адам көз жұмды, - ДСМ

AstanaTV
14.07.2020ж. 20:00
2467
Өткен тәулікте коронавирустан 21 адам көз жұмды, - ДСМ

Өткен тәулікте короновирус инфекциясынан тағы 21 отандасымыз көз жұмды. Бұл, туралы Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді. Осылайша, қытайлық індеттің құрбандары 396-ға жетіп отыр.  Бас дәрігердің айтуынша, қазір елдегі ауруханаларда кеселдің симптомды және симптомсыз түрінен 25 мыңнан астам адам емделіп жатыр. Олардың 1700-і - 18 жасқа дейінгі бала. Жалпы науқастарды емдеу үшін 46 мыңнан астам медицина қызметкері жұмылдырылыпты. Бұдан бөлек, министр жаңа оқу жылында барлық орта мектепте балаларды қашықтан оқытуды ұсынды.

Алексей ЦОЙ, ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІ:

Мектепте дәстүрлі оқытуды бастау - балалар арасында ауру жұқтыру деңгейін арттырып, вирустың мектептен тыс та таралуына жол ашуы мүмкін. ЖРВИ-дің маусымдық деңгейде артуы мен коронавирус инфекциясы бойынша жағдайдың күрделілігіне байланысты оқу жылының алғашқы тоқсанында аз комплектілі мектептерді есептемегенде, барлық сыныпты қашықтан оқыту жолдарын қарастырған дұрыс деп есептеймін.

Әлемге келсек. Қытай індетін жұқтырғандар 13 миллионнан асты. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының хабарлауынша өткен 5 күн ішінде жұқпалы індетке 1 миллиондай адам шалдыққан. "Егер алдын алу шараларына бейқамдық танытсақ, жағдай нашарлауы мүмкін деді", Тедрос Аданом Гебреисус.

Тедрос АДАНОМ ГЕБРЕИСУС, ДДСҰ БАС ДИРЕКТОРЫ:

Бірқатар ел пандемиямен күресте дұрыс бағыт таңдамады. Коронавирус қоғамның негізгі жауы екенін біле тұра көптеген елдер немқұрайлық танытуда. Барлығымыз, вирусты жоятын вакцинаның табылатынына үміттенеміз, бірақ оған дейін әрбір мемлекет қолда бар құралдарын пайдалануы тиіс.

Министрліктің таратқан мәліметіне сәйкес, өткен тәулікте 1800-ден астам азаматтан індет анықталыпты. Осылайша, короновирус жұқтырғандар саны 61 мыңнан асты. 36 мыңға жуық науқас сауығып шықты.

А. Данияр