Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Дүкенге немесе дәріханаға маскасыз кіргендерге айыппұл салынады

AstanaTV
15.07.2020ж. 20:00
2910
Дүкенге немесе дәріханаға маскасыз кіргендерге айыппұл салынады

Дүкенге немесе дәріханаға медициналық бетпердесіз кіргендерге айыппұл салынады. Әділет министрі Марат Бекетаевтың айтуынша, есік алдына той жасағандар енді 83 мың теңгеден айыппұл төлейді. Сол тойда вирус жұқтырып қаза болғандар тіркелсе онда той иесі қылмыстық жауапқа тартылуы мүмкін. Еске сала кетсек қатаң карантин шаралары елде тамыздың 2-не дейін ұзартылды.

Марат БЕКЕТАЕВ, ҚР ӘДІЛЕТ МИНИСТРІ:

Көшеге шығуға, серуендеуге болады. Үш адамнан артық жиналуға болмайды. Далаға маскасыз шыққандарға шектеу жоқ. Алайда, дүкенге немесе дәріханаға маскасыз кірсеңіз, жауапкершілік болады. Өйткені ол - жабық нысан.

Ә. Өмірзақ