$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Қытайлық дәрі-дәрмек сатпақ болған алыпсатарлар ұсталды

AstanaTV
15.07.2020ж. 20:00
2342
Қытайлық дәрі-дәрмек сатпақ болған алыпсатарлар ұсталды

Нұр-Сұлтанда қытай шіріткісін сатпақ болған алыпсатарлар ұсталды. Оның көлігінен 165 бума дәрі-дәрмек табылды. Саудаға шығаратын рұқсат қағазы жоқ болып шықты. Полиция мәліметінше, арнайы жүрген рейді кезінде бір ғана Елордадан 17 млн теңгенің дәрі-дәрмегі тәркіленіпті. Бұл тауарлар арнайы сараптамадан кейін сот шешімінен денсаулық сақтау мекемелеріне берілмек.

Ал, дәрі-дәрмекке сұраныс жоғары. Мәселен, Шығыс Қазақстанда қызу түсіретін дәрі-дәрмектің бір айлық қорын тұрғындар бір күнде талап алып қойған. Сондықтан да өңірде дәрі-дәрмек қоймаларына бақылау күшейтілді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агентігі өкілдері, бүгін Өскемендегі дәріханаларды аралап шықты.

Тимур СӘЛІМБАЕВ, ФАРМКОМПАНИЯНЫҢ БАСШЫСЫ:


Кейбір дәрі-дәрмекті бір жолғы рұқсатпен әкеле алмай отырмыз. Әсіресе сертификатталмаған дәрілерді. Оларды  әкелуге болады, бірақ оның сертификатын алу қиын.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агентігі мен «Адалдық алаңы» және арнайы мониторинг топтары бірнеше қалада «СК-Фармация» мекемесіне тиесілі қоймаларды тексерді. Нәтижесінде, Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтөбе және Шымкентте Covid-19 дертіне қажетті дәрі-дәрмек жеткілікті екені анықталды. Алайда, ол дәрілер емдеу мекемелеріне уақытылы жеткізілмеген.

Б. Рақметова