Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

Әзірбайжанның қарулы күші Арменияның тағы бір әскери нысанына соққы жасады

AstanaTV
15.07.2020ж. 20:00
3337
Әзірбайжанның қарулы күші Арменияның тағы бір әскери нысанына соққы жасады

Бүгін Әзірбайжанның қарулы күштері Арменияның әскери нысанына соққы жасады. Мұны ресми Баку хабарлады. Шабуылдан Тоууз ауданында тұрған әскерилер зардап шеккен. Еске сала кетейік, екі ел шекарада 12 шілдеде қақтығысып қалды. Нақты кім айыпты екені белгісіз. Тараптар бірін-бірі айыптады. Әскерилер шығынына қатысты ақпаратта әр түрлі.
 
Вагиф ДАРГАЛИ, ӘЗІРБАЙЖАН ҚОРҒАНЫС МИНИСТРЛІГІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:

12 шілдеден бастап Арменияның қарулы күштері шекарада орналасқан Тоууз ауданында атыс бастады. Біздің әскери нысандарымызға оқ жаудырды. Біз артиллериялық қарумен жауап қайтардық.

Арцрун ОВАННИСЯН, АРМЕНИЯ ҚОРҒАНЫС МИНИСТРЛІГІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:

Армения қарулы күштері 12 шілдеден бері қашықтан басқарылатын ондаған әуе техникаларын атып түсірді. Әзірбайжанның әскері шабуыл жасады. Бүгін, Берд қаласында да атыс болды. Абырой болғанда, бейбіт халық арасында адам шығыны жоқ.
 
Еліміздің сыртқы істер министрлігі, тараптарды сабырға шақырды. "Қарулы қақтығыс тоқтатмаса жағдайдың ушығып кетуі мүмкін", деді Сыртқы істер министрлігі. Айта кетейік, 12 шілдеде болған қарулы қақтығыс 2016 жылдан бергі бірінші ірі оқиға.

А. Кемелжан