Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

«Jas Otan» жастары Алматылық дәрігерлерге алғыс білдірді

AstanaTV
15.07.2020ж. 20:00
4088
«Jas Otan» жастары Алматылық дәрігерлерге алғыс білдірді

COVID-19 дертімен алысу майданында, дәрігерлер алдыңғы шепте. Ақ халатты абзал жандарға қалың жұрт алғысын жаудырып ақ жатыр. Алматы жастары да бүгін ауруханаларды аралап дәрігерлерге құрмет көрсетті. «Jas Otan» жастар қанатының базарлығы да бар. Дәрігерлерге олар, ағзаға пайдалы бал, лимон, жент және басқа тағамдар жиынтығын ала келген.

Санжар ТАШАЕВ, АЛМАТЫ Қ. ОРТАЛЫҚ КЛИНИКАЛЫҚ АУРУХАНАСЫНЫҢ ДӘРІГЕРІ:

Сәуір айынан бері үйге барған жоқпыз. Қонақ үйде тұрамыз, күнделікті көлікпен апарып, алып келеді. Мен шындығын айтсам өзім ауырып осы жерде болдым. Үйдегілерді сағынамыз, көргіміз келеді. Біз де басқа адамдар сияқты мерекелерде үйде болғымыз келеді.

Жас отандықтар бүгін жиыны 200 себет үлестірді. Тағы 600 данасы дайын тұр. Бұл себеттер түгелдей дәрігерлерге арналған. Ерікті жастар қолға алған акция «Ақ халатты абзал жандарға мың алғыс», деп аталды.

Бибінұр БАЙЖІГІТҚЫЗЫ, ЕРІКТІ:


Ең негізгі мақсат - біз дәрігерлерге жастардың атынан алғыс білдіру, кішікірім көңіл бөлу. Олдарды қазіргі қоғамның батырлары, деп айтып жатырмыз ғой, олардың қажеттілігін сезіндіру. Міне осы мақсатта жастардың атынан алғыс айтып, осы акцияны бүгін бастап жатырмыз.

А. Кемелжан