"Дәрігерлерге мың алғыс" акциясы аясында астаналық жастар да ауруханаларды аралап шықты. Ақ халатты абзал жандарға жеміс-жидек себеттері таратылды.
Елнұр БЕЙСЕНБАЕВ, "JAS OTAN" ЖАСТАР ҚАНАТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:
Біз үшін қатты қымбатсыздар. Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға байлық тілейміз. Біз сіздермен біргеміз, барынша көмектесуге дайынбыз!
Көзге көрінбейтін "жаумен" күні-түні алысып жүрген дәрігерлер үшін бұл тосын сый болды.
Жеміс-жидек себеті ерікті жастар қаржысына алынған. Бүгін Нұр-Сұлтан мен Алматыда қатар жүрген акция болашақта басқа қалаларда да жалғасын таппақ.
Ә. Өмірзақ