$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Дәрі-дәрмек алыпсатарлары ұсталды

AstanaTV
16.07.2020ж. 20:00
2752
Дәрі-дәрмек алыпсатарлары ұсталды

Ақтбөде алыпсатарлары дәрі-дәрмекті үш есе қымбатқа сататын болған. Жүгенсіз кеткен саудагерлердің бірнешеуін бақылаушы топ анықтап отыр.

Азамат ҚҰСТАНОВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ ПРОКУРОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Клексан деген дәрінің шекті бағасы 1800 теңге болатын болса, оны 4000, 4500 мың теңгеден асырып сатқандығы анықталды. Сол секілді гепарин бір қорапшасының бағасы үш мың теңге болатын болса оның бір ампудасы 3500 мың теңгеден сатылғандығы анықталды.

Бір күндік тексеріс кезінде 24 факті тіркеліп отыр. Бұл ресми жұмыс істеп тұрған дәріханалардан анықталғаны. Бағаны жөнсіз көтерген 4 кәсіпкер әкімшілік жауапқа тартылды. Әр қайсысы енді 100-ден 300 АЕК түрінде айыппұл төлейтін болды.

Б. Рақметова