Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

"Пандемия ахуалы туралы барлық ақпарат қанша жерден ащы болса да, оны қоғам білуге тиіс", Қ-Ж. Тоқаев

AstanaTV
17.07.2020ж. 20:00
3159
"Пандемия ахуалы туралы барлық ақпарат қанша жерден ащы болса да, оны қоғам білуге тиіс", Қ-Ж. Тоқаев

Үкімет пандемия статистикасын біріздендіру керек. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-дегі парақшасында осындай жазба жариялады. Ол, халыққа короновирустық инфекция туралы шынайы ақпарат беру керек, деп мәлімдеді. Президент сондай ақ, ел азаматтарының денсаулығы мен өміріне COVID-19-дан бөлек, өкпе қабынуы  үлкен зардап тигізіп жатқанын да атап өтті.

Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

Пандемия ахуалы туралы барлық ақпарат қанша жерден ащы болса да, оны қоғам білуге тиіс. Жариялылық пен өзара сенім болғанда ғана, біз бірлесе отырып бұл індетті тезірек жеңеміз.


А. Данияр