$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Дәрі-дәрмек нарығында заңсыз сауда қызып тұр

AstanaTV
17.07.2020ж. 20:00
2491
Дәрі-дәрмек нарығында заңсыз сауда қызып тұр

Пандемияны бас пайдасына асырғысы келген алыпсатарлар көбейді. Олар, қажетті, қажетсіз дәрі-дәрмек бағасын аспандатып миллиондар асап жүр. Солардың бірнешеуін керекулік полиция қолға түсірді. Астыртын кәсіп жүргізген 27 тұлғаға қатысты әкімшілік іс қозғалып, жауапқа тартылды.

Асхат ҚОҚЫМБАЕВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ ПРОКУРАТУРАСЫНЫҢ БАСҚАРМА БАСШЫСЫ:


Қозғалған іс бойынша, процессуалды шешім қабылдау үшін  "Фарм-бақылау" мекемесіне жолданды. 10 дерекке қатысты шешім қабылданып, қомақты көлемде айыппұл салынды.

Алматы облысының экономикалық тергеу департаменті де талай алыпсатарды аяқтан қақты. Оның біреуінен 20 мың қаптама парацетамол табылды. Осыған ұқсас 8 құқық бұзушылық анықталған. Тәркіленген препараттардың жалпы құны 13 млн. теңгені құрайды.

Айнұр ЫДЫРЫСОВА, АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕРГЕУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ АҒА ТЕРГЕУШІСІ:


Жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында 1993 жылы туылған ҚР азаматы ұсталды. Ол парацтамол дәрілік препаратын жоғары бағамен яғни, бір пластинасы 300 теңге құрайтын, тиісті құжаттарсыз, заңсыз сатпақ болған.

Алып сатар қылығы көп қазақты ұялтқаны рас. Намысшыл жігіттер бас қосып ауруханаларға қол ұшын беріп жатыр. Бірнеше алматылық кәсіпкер бір аптада 450 млн теңге жинап өкпеге жасанды жел беретін 4 мың аппарат сатып алған. Алғашқы легі елге ертең жетуі тиіс.

Қайрат ҚҰДАЙБЕРГЕН, КӘСІПКЕР:

Менің ойымша осы сенбі күні бірінші борт дайын болады. Осы аппараттар қазақ еліне келеді және біз оны бөлмейміз. Өңір-өңірлерге, ауылдарға да жеткіземіз, үлкен қалаларға да жеткіземіз. Оны адамдарға емес емханаларға береміз. Ең басты мақсат осы аппараттарды ауылдарға жеткізу.


Жомарт мырзалар дәрі-дәрмекке мұқтаж жандарға да қол ұшын созуға дайын. Олар, әлеуметтік жағдай төмен отбасыларға тегін дәрі-дәрмек таратпақ.

А. Кемелжан, Ө.Қуанар