$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Қарағандылық азамат ІІ-Дүниежүзілік соғыста қолданылған "Шпагин" қаруын тапсырды

AstanaTV
17.07.2020ж. 20:00
2032
Қарағандылық азамат ІІ-Дүниежүзілік соғыста қолданылған "Шпагин" қаруын тапсырды

Қарағанды облысының тұрғыны полицияға "Шпагин" автоматын әкеліп тапсырды. Ол, ІІ-ші Дүниежүзілік соғыста басты қарудың бірі болып есептелген. Ол, Ұлы Отан соғысы ардегері атасынан қалған мұра екен. Қару тәртіп сақшылары ұйымдастырған акция шеңберінде тапсырылып отыр. Ұрыс қаруы баллистикалық зерттеуден өткен соң бұрыңғы иесіне қомақты қаражат төленуі тиіс.

Бауыржан ҚАЛЫБЕКОВ, ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСТЫҚ ПД ЖЕДЕЛ КРИМИНАЛИСТИКА БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:


Бұл қару шынымен ерекше экземпляр. Өте қарапайым бірақ отты қару. Тарихи дүние болғандықтан оны экспонат ретінде мұражайда сақтаймыз.


Бұл оқшашар 1940 жылы қолданысқа енген. Георгий Шпагин ойлап тапқан автомат, Қызыл армияның негізгі қаруының бірі болды. Жалпы акция шеңберінде қарағандылық полицияға 50-ге тарта атыс қаруы тапсырылыпты. Араларында қолдан жасалған қару-жарақта бар.

А. Қуаш