Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

Қызылжарда демалыс күндері карантин күшейтілмек

AstanaTV
17.07.2020ж. 20:00
1885
Қызылжарда демалыс күндері карантин күшейтілмек

Қызылжарда демалыс күндері карантин күшейтілмек. Бұл жайында қалалық тауарлар және қызмет көрсету сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы хабарлады. Ережеге сәйкес облыс орталығында қоғамдық көліктің қатынауы шектеледі. Тек саяжайларға баратын автобустар ғана бұрынғы қалпында жұмыс істей бермек. Жалпы, карантинге қатысты жаңашылдықтар тек автобус бағыттарын ғана қамтитын көрінеді. Себебі, дүкен, дәріхана мен тамақтану орындарының жұмыс уақыты өзгеріссіз қалған.

Әсет ЖҰМАТАЕВ, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАЛЫҚ ТАУАРЛАР МЕН КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ САПАСЫ МЕН ҚАУІПСІЗДІГІН БАҚЫЛАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Осы демалыс күндері, яғни 18нен 20 шілдеге дейін, 25-нен 28 шілдеге дейін және 1-тамыздан 3-тамызға дейін осындай шектеулер қойылып отыр. өйткені, эпидемиологиялық жағдайға қарасақ, күнделікті Петропавл қаласы бойынша жүзге жуық адам коронавирус инфекциясымен сырқаттануы тіркелуде.

А. Құрманкин