Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

"Дәрігерлерге мың алғыс" акциясысы шеңберінде ұлттық тағамдар үлестірілді

AstanaTV
17.07.2020ж. 20:00
2633
"Дәрігерлерге мың алғыс" акциясысы шеңберінде ұлттық тағамдар үлестірілді

"Дәрігерлерге мың алғыс" акциясы бүгін де жалғасын тапты. Елордалық ақ халатты абзал жандарға жастар жеміс-жидек себеттерін таратты.

Бақдәулет ЖАНДІЛДАЕВ, «JAS OTAN» ЖАСТАР ҚАНАТЫ НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Қазіргі кезде біз 9 аурухананы аралап шықтық. Енді жедел жәрдем станцияларына баруды жоспарлап отырмыз. Сол жерде алғы шептегі дәрігерлерге алғысымыз болсын деп акцияны ұйымдастырып отырмыз.

Көзге көрінбейтін "жаумен" күні-түні алысып жүрген дәрігерлер үшін бұл тосын сый болды.

Сәуле КЕНЖЕБАЕВА, ИНФЕКЦИОНИСТ-ДӘРІГЕР:


Коронавирусты жеңу үшін барымызды саламыз. Қолдау білдіріп жатқандарыңыз қуантады, күш сыйлайды. Дәрігерлер бар күшін салып тырысып жатыр. Барлығы жақсы болып, індет жұқтырғандар емделіп шығады деп сенеміз.

Сондай-ақ акцияны Ақтөбе жастары да қолдады. Олар дәрігерлерге ағзаға шипалы 50 литр қымыз үлестірді.

Мұрат МҰСТАФИН, «JAS OTAN» ЖАСТАР ҚАНАТЫ АҚТӨБЕ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ КЕҢЕСШІСІ:

«Jas otan» жастар қанаты Ақтөбе облыстық филиалы дәрігерлерге мың алғыс акциясы аясында Ақтөбе медицина орталығына қымыз әкеліп жатыр. Дәрігерлерімізді қолдау үшін көмек ретіңде іс-шара өткізіп жатырмыз. Бұл соңы емес әлі қарай да жалғасады. Қымыз енді ем деп, сол себепті қымызды таңдадық.

Бұған дейін жасотандықтар осы ауруханаға он мың бетперде әкеліп, дәрігерлерді ыстық тамақпен қамтамасыз еткен. Ұлттық емдік сусынды басқа да провизорлық ауруханаларға апару көзделіп отыр.

Гүлмира МАҚСҰТҚЫЗЫ, АҚТӨБЕ МЕДИЦИНА ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДӘРІГЕРІ:


Бұл ауру барлығыңызға белгілі ешкімді аяп жатқан жоқ. Барлық күш-жігерімізбен көмектесуге тырысып жатырмыз. Барлық жақтан көмектер келіп жатыр. Дәрігерлер жалғыз еместігін көрсетіп жатыр. Бүкіл халық болып көмектесіп жатыр.

"Дәрігерлерге мың алғыс" акциясы 15-ші шілде басталды. Елорда мен Ақтөбеден бөлек өзге де қалаларда жалғасып келеді. Сый-сыяпат пакеті ерікті демеушілердің қаржысына алынып жатыр.

Ә. Өмірзақ, Б. Рахметова