$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Дәрі қоры мен оның бағасы "Nur Otan" партиясының бақылауында

AstanaTV
21.07.2020ж. 20:00
2337
Дәрі қоры мен оның бағасы "Nur Otan" партиясының бақылауында

Қызылордадағы дәріханалар қазіргі уақытта қажет дәрілермен толыққан. Тіпті дертіне дауа іздейтіндердің қарасы да азайыпты. Бұрынғыдай сағаттап кезек күтіп, іздеген дәрісін таппай сенделіп жүргендер жоқтың қасы. Бүгін қаладағы дәріханаларды аралаған "Нұр Отан" партиясының аймақтағы филиал өкілдері осылай деді. Өңірдегі дәрі қоры мен оның бағасын бақылау үшін, қалада 14 мониоторингтік топ жұмыс істеуде. Олар егер қандайда бір препараттың жетіспеушілігін байқаса, тиісті сала өкілдеріне шұғыл хабардар ете алады.
   
Алтынбек ЖАРЫЛҚАСЫНОВ, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ ФИЛИАЛЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Өткен айдың аяғынан бастап Қызылорда қаласы мен барлық аудандардағы дәріханалардағы дәрі-дәрмектің тапшылығын болдырмау мақсатында тиісті мониторингтік жұмыстар ұйымдастырылды. Күнделікті дәріханаларды аралап, дәрі-дәрмектің тапшылығы болмауын, екінші кезекте бағаның тұрақты сақталуын, дәріханаларда санитарлық жағдайлармен әлеуметтік ара қашықтықтың сақталуын бақылауда ұстап келеді.


Партиялықтар бағаның да өсіп кетпейін назарға алған. Осыған дейін қалтасының қамы үшін препаратты қымбатқа сатқан деректер анықталған болатын. Оларға заң шеңберінде шара қолданылмақ. Сондай-ақ белсенді топ алыпсатарлыққа жол бермес үшін тексерісті тұрақты жүргізуді жоспарлап отыр.

Т.Әлжанов