$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Жамбыл облысында дала өрті дес берер емес

AstanaTV
22.07.2020ж. 20:00
2445
Жамбыл облысында дала өрті дес берер емес

Жамбыл облысында дала өрті дес берер емес. Төтенше жағдай мамандарының қызыл жалынмен арпалысып жатқанына бүгін төртінші тәулік. 300-ге жуық өрт сөндіруші мен 60-тан аса техника, сондай-ақ «Қазавиаорманқорғау» мекемесінен тікұшақ жұмылдырылған.

Бағдат ДАНИЛОВ, ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ТЖД БАСТЫҒЫ:

Орман өртін сөндіру үшін арнайы штаб құрылған. Шығыстан секундына 15-20 метр жылдамдықпен соққан жел өрттің күшейуіне және өрт сөндіруге кедергісін келтірді. Дейтұрғанмен өрт оқшауланды. Өрт сөндірілген аймақтар әлі де мамандардың бақылауында.

Бір ғана Мойынқұм ауданында 45 мың гектарға жуық жер өртке ораныпты. Жалынның неден шыққаны әлі анықталмаған. Дегенмен мамандар найзағайдан тұтанды деген болжам жасайды. Тілсіз жау Мойынұм ауданынан бөлек, Тұрар Рысқұлов және Меркі аудандарының орман шаруашылығын шарпыған. Абырой болғанда елді- мекендерге қауіп жоқ дейді. Бірақ төтенше жағдай мамандары бетпақ далада құм көшкінінен сақтайтын сексеуілдер көп болғандықтан шоқтан жалын тұтануы мүмкін деп отыр.

Б. Жұмабайұлы