$498.51 €522.84 ₽4.81
×

Қызылордада жеті баладан коронавирус індеті анықталды, - дәрігерлер

AstanaTV
22.07.2020ж. 20:00
2783
Қызылордада жеті баладан коронавирус індеті анықталды, - дәрігерлер

Күзде коронавируспен қатар басқа да маусымдық аурулар өршиді. Бұл балаларды да айналып өтпеуі мүмкін. Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Гиниятқызы осыны мәлім етті. Сондықтан тиісті шаралар қабылданып жатыр деді.

Ажар ГИНИЯТ, ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Күздің кезінде басқа да вирустық инфекциялар бас көтеретіні өзіңізге белгілі. Грипп бар, парагрипп бар басқа да вирустар бар. Олардың көбі вирустың пневмонияға алып келеді асқынған кезде. Осы балалардың арасында көп таралмауы үшін бүгінгі таңда Үкіметпенен балалардың мектепке бармауын, оларды оқшауландыру жөнінде шешім қабылданып жатырғаны да - осы.


Қызылордада жеті баладан коронавирус індеті анықталды. Оның үшеуі балалар ауруханасында, қалғаны үй жағдайында ем алуда. Үлкені 14 жаста, кішісі үш айлық сәби. Ковид-19 инфекциясы анықталған барлық балақай дертті жұқтырған. Бірақ қайдан, кімнен екені белгісіз. Дәрігерлердің айтуынша, барлығында туабітті аурулары бар. Қазір оларға қажетті ем-дом жүргізілуде. Бұған қоса облыстық балалар ауруханасында 18 бала пневмониядан емделуде.

Сәулебек ЫСҚАҚОВ, ОБЛЫСТЫҚ БАЛАЛАР АУРУХАНАСЫ БАС ДӘРІГЕРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Үш баланың да туабітті ақаулары бар. Біреуі жүрек науқасымен, екіншісі Байқоңырдан ауасып келді. Химиялық ожог алған. Үшінші бала гидроцефалезбен ауырады. Балалардың жағдайы жаман емес. Барлығы да емдерін протокол бойынша алып жатыр. Ата-аналарға айтарымыз балалардың жүріс-тұрысына шектеу қойыңыздар!

COVID-19-ды жұқтыру жағдайы өршіп тұрған Америка құрама штаттарында коронавирусты емдеуге әзірленген екі вакцинасының соңғы сынақтары басталды. Бұл туралы ел президенті Дональд Трамп мәлімдеді. Айтуынша, екпе рекордтық қысқа мерзімде жасалған. Мұндай маңызды жұмыстарға негізінде көп уақыт жұмсалады. Мүмкіндігінше, дәрі-дәрмектер жаппай өндіріске бірден түседі, - дейді. Қазірдің өзінде 4 миллионнан аса америкалық дертті жұқтырса, 145 мыңға жуық адам көз жұмды. Ал, дүнижүзілік денсаулық сақтау ұйымы 2021 жылдың ортасында жаппай вакцинацияны бастауды көздеп отыр.

Дональд ТРАМП, АҚШ ПРЕЗИДЕНТІ:

Екі тәжірибелік вакцинаның клиникалық сынақтың соңғы сатысы басталады - бұл рекордтық мерзімде қол жеткізілді. Алдағы аптада тағы төрт вакцинаның соңғы сынақтары басталады және қандай да бір вакцина мақұлданғаннан кейін, ол бірден қолжетімді болады.


АҚШ-тың Әділет министрлігі екі қытай азаматына компьютерлік жүйелерді бұзу және маңызды мәліметтерді ұрлау туралы айып тағып отыр. Бұл туралы ведомствоның сайтында айтылған. Америка билігі, хакерлер қытайдың арнайы қызметі немесе үкіметтің тапсырмасы бойынша әрекет еткеніне сенімді. Айта кетсем, өткен аптада осындай айыптаулар Ұлыбританиядан Ресейге жіберілді. Сонымен қатар, Ресей үкіметі төрт вакцина қауіпсіздігін дәлелдеді және осы күзде пайдалануға дайын болады деп мәлімдеді.

Қытайдан шыққан індетті дүниежүзінің 15 миллионнан астам тұрғыны жұқырып үлгереді. 620 мың адам көз жұмды. Қазақстанға келсек, өткен тәулікте коронавирусқа 1700-ге жуық адамның шалдыққаны анықталды. 46 мыңнан астам науқас сауығып, үйіне босатылыпты. Өкінішке қарай, ауру құрбандары 610-ға жетті.

А. Данияр