Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×
Реклама на сайте

"Nur Otan" ауруханаларға медициналық құрал-жабдықтар сыйға тартты

AstanaTV
23.07.2020ж. 20:00
2300
"Nur Otan" ауруханаларға медициналық құрал-жабдықтар сыйға тартты

Павлодарда мәслихат депутаттары мен кәсіпкерлер бірлесіп, шаһардағы №3 ауруханаға көмек көрсетті. Бұл жолы "Nur Otan" партиясының мүшелері науқастарға қажетті медициналық құрал-жабдықтар жеткізіп берді. Небулайзер аппаратынан бөлек, төсек-орындар мен мүгедек жандарға арналған арбалар бар. Бұған демеушілер жалпы соммасы 1 млн. теңге көлемін қаражат жұмсапты. 

Қобыланбек ҚОЖИН, ПАВЛОДАР ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ, "NUR OTAN" ПАРТИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Қаламыздағы біз үндеу тастап, кәсіпкерлерді осы іс-шараға шақырған кезде осы кәсіпкерлерге алғысымызды айтқымыз келеді. Бұл іс-шарадан шектеліп қалмай қатысып, шамалары келгенше қаламыздың кәсіпкерлері ісімізді қолдап жалғастырып жатыр. Жалпы осы карантин басталғанан бері бүгінгі күнге дейін 20 млн-ның бағдарында қаражат жұмсалып отыр.

Қалалық аурухана бұған дейін көпсалалы болғанымен де, COVID-19 вирусының өршуіне байланысты аурухана провизорлық госпителге айналды. Сондықтан мұнда құрал-жабдықтар жетіспеушілігі туындаған еді. Осыны айтқан дәрігерлер бұл көмек дер кезінде жасалған қадам деп отыр. Қазіргі күні аталған ауруханада 200-ден аса науқас, ем алуда.

Бақыт ЕРУБАЕВА, ПАВЛОДАР қ. №3 АУРУХАНА БАС ДӘРІГЕРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Бүгінгі күні бізге қолдау білдіріп, ауруханамызды қажетті медициналық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етіп жатқан кәсіпкерлерге алғысымызды білдіргіміз келеді. Көмекті ұйымдастырған "Нұр Отан" партиясына, депутаттарға көп көп рахметімізді айтамын. Бізге өте қажетті құрал-жабдықтар сыйлады.

Ө. Қуанар