Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

«Nur Otan» партиясының Жамбыл облыстық филиалы бағаның тұрақтылығын сақтау мақсатында арнайы рейдке шықты

AstanaTV
24.07.2020ж. 20:00
1875
«Nur Otan» партиясының Жамбыл облыстық филиалы бағаның тұрақтылығын сақтау мақсатында арнайы рейдке шықты

Дәріханалар алдында кезек көп пе? Дәрі-дәрмек бағасы халықтың қалтасына салмақ салып жатқан жоқ па?  «Nur Otan» партиясының Жамбыл облыстық филиалындағылар осыны білмек болып арнайы рейдке шықты. Медициналық мекемелерге де бас сұқты. Тексеріс кезінде кемшіктер де анықталып, дәріханалардың бірі "бұл жеке кәсіпкерлік нысан, шығыңыздар" деп дөрекі мінез көрсетіп, түсіру тобын сыртқа итеріп шығарды.

Кейіннен сабасына түскен қызметкерлер бағаның негізсіз өсуіне жол бермейміз деп ақталды. Бірақ аскорбин қышқылы мен антибиотиктер жоқ екенін айтты. Мұнан соң нұротандықтар дәрі сақтау қоймаларында аралап шықты. Онда да аталған препарат болмады. Тек алғашқы медициналық көмекке қажетті дәрі қоры жеткілікті екеніне көз жеткізді. Дегенмен дәріханалар алдында адам қарасы аз. Баға да министрлік бекіткен шектеумен сатылып жатыр. Топ мүшелері онан соң, облыстық жедел-жәрдем қызметінің жұмыс барысын бақылады. Бара сала санитарлық талаптардың сақталмағанын көзбен көрді. Сонымен қатар, жедел-жәрдем қызметіне соңғы хабарласқан тұрғынның телефонын алып, оның шағымын тындады.
 
Бекзат ӘБІТАЕВ, ЖЕДЕЛ-ЖӘРДЕМ ҚЫЗМЕТІНІҢ ДӘРІГЕРІ:
 
Коронавирус пандемияға байланысты вызовтар шақыртулар көбейіп жатыр. Осы жерде 12 диспетчер қабылдап, шақырымдарды, 4 категория бойынша науқастарды бөлеміз. 1 категория 10 минутқа дейін науқасқа жету уақыты.

Нұротандықтар өңірде мұндай рейдтік шаралар өзге де мекеме мен дәріханаларға дәстүрлі түрде жалғасын табатынын айтты. «Сапалы өмір тынысы - қолжетімді дәрі» акциясы Шымкентте де жалғасты. Партия филиалы жанындағы бақылау комиссия осы күні дәріханалармен бірге бірнеше провизорлық орталық жұмыстарымен де танысып шықты. Тексеру кезінде Шымкентте де дәрі-дәрмек тапшылығы бар екені және кейбір дәріханаларда гигиеналық талаптардың сақалмағаны белгілі болды. Мониторингтік топ мүшелері дәріхана басшылығына ескерту жасады.

Б. Жұмабайұлы