Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Павлодар облысында өткен алты айда 173 ата-ана құқықтарынан айрылған

AstanaTV
27.07.2020ж. 20:00
2408
Павлодар облысында өткен алты айда 173 ата-ана құқықтарынан айрылған

Павлодар облысында баласына жауапсыз ата-ана көбейді. Жергілікті соттар жыл басынан бері 173 ата-ананы құқықтарынан айырған.  Баласына дұрыс тәрбие бере алмаған тағы 300-ге тарта ата-ана әкімшілік жауапгершілікке тартылыпты.

Бибігүл ҚАМЗИНА, ПАВЛОДАР ҚАЛАЛЫҚ ЖЕРГІЛІКТІ ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АҒА ИНСПЕКТОРЫ:

Бүгінгі күні соттар кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеуде өз міндеттерін атқармаған 173 адамды ата-ана  құқынан айыру және шектеу туралы өтінішті қанағаттандырды. Сондықтан барлық жауапгершілік ата-ананың мойнында.  Әр ата-ана өз баласына асқан жауапгершілікпен қарауы тиіс. Балаға дұрыс көңіл бөлінбегендіктен, ол ұсақ қылмыстарға баруы мүмкін.

Білім беру басқармасының дерегінше түнде көше кезетін жасөспірімдер азаймай тұр. Бұған арнайы рейдтерде көз жеткізіпті.

Гүлмира БАШИРОВА, ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БЕРУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:

Балаларға қатысты 397 әкімшілік іс тіркелді. Оның 22-сі кәмелет жасына толмаған балаларға ішімдік өнімдерін сату дерегі. Сондай-ақ, көңіл көтеру орындарына түнгі уақытта кәмелетке толмаған балаларды кіргізгені үшін 10 бизнес өкіліне әкімшілік жаза қолданылды.  Оған қоса темекі өнімдерін сату, түнгі уақытта көшеде ата-анасыз жүру фактілері де бар.

Ал психолог маман бұған карантиндік шаралардың да әсері бар екенін айтады. Өйткені, үнемі үйден шықпаған бала кешке серуендеп, құрбыларымен кездескісі келеді. Сондықтан да, ата-ана баласына көбірек көңіл беру керек - дейді.

Жанар ОРДАБАЕВА, ПСИХОЛОГ:

Қыз балаларға аналары кестелеуге, тоқуға деген сияқты үйретіп, өмірге дайындап жатса, дәл сол сияқты әкесі ұлына үй шаруасына байланысты бір жасай алатындай істеп беретіндей. Ер бала болғандықтан одан көп нәрсе сұралады ғой.

Мамандар балалардың жамандыққа ұрынуына үйдегі жанжалда әсер ететін айтады. Өткен 6 ай ішінде шаңырағының шырқын бұзған 2 мыңнан астам ата-ана әкімшілік жауапгершілік арқалаған. Бұл баланың тәрбиесі мен қатар санасына салқынын тигізеді - дейді психолог маман.

Ө. Қуанар