Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Жамбыл облысында 1 тонна 278 келі есірткі тәркіленді

AstanaTV
27.07.2020ж. 20:00
2275
Жамбыл облысында 1 тонна 278 келі есірткі тәркіленді

Жамбыл облысында аса ірі көлемдегі есірткі анықталды. 1 тонна 300 келіге жуық қарасораны жинап қойған 35 жастағы жергілікті тұрғынның қылмысы әшкере болды. Ол есірткінінің бұл түрін, төрт күн жинағанын айтқан.

Облыстық басқарма қызметкерлері, аса ірі мөлшердегі есірткі затын заңсыз сақтап, жинаумен айналысқан бұл бірінші жағдай деп отыр. Шу қаласынан 25 шақырым қашықтықтағы құмды аймақта қолға түскен азамат, тек түнделетіп есірткіні орып, кептіріп, жинап отырған, деді. 

Ержан БЕЙСЕНБАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ЕСІРТКІ ҚЫЛМЫСЫНА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ БАСҚАРМА БАСТЫҒЫНЫҢ м.а:

Ұсталған азамат өз кінәсін толық мойындап отыр. Қылмыстық іс сотқа жолданды. Енді заңға сәйкес күдіктінің мүлкі тәркіленіп, 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін.

Жалпы жыл басынан бері осы қылмысқа қатысты 313 дерек тіркелген. Заңсыз айналымнан 2 тонна 143 келі әртүрлі есірткі заты тәркіленген. Айта кетейін ел аумағында «Қарасора - 2020» республикалық жедел алдын алу шарасы жүріп жатыр. Маусымның бірі басталған ауқымды тексеріс қазанға дейін жалғаспақ. 

Б. Жұмабайұлы