Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Педофилді ұстаған алматылық полиция майоры ІІ-дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталды

AstanaTV
27.07.2020ж. 20:00
2243
Педофилді ұстаған алматылық полиция майоры ІІ-дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталды

Алматыда 13-ші қабаттан секіріп, педофилді құрықтаған полиция қызметкері Мемлекеттік наградамен марапатталды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен полиция майоры Бақытжан Бәкіровке, ІІ-дәрежелі "Айбын" ордені берілді.

Еске сала кетейік, бұл жантүршігерлік оқиға шілденің 11 күні болған. Белгісіз қылмыскер, жекеменшік секторда орналасқан үйдің бірін тонап, 17 мың АҚШ долларын қалтасына басқан. Сондай-ақ ол, сол үйдегі 15 жастағы қыз баланы зорлаған деген күдікке ілікті. Полиция, ізін суытпай педофилдің жасырынған жерін анықтады. Алайда, ол тәртіп сақшыларынан қашпақ болып, 13-ші қабаттан секіріп кеткен. Оның ізіне түскен полиция майоры Бақытжан Бәкіров те секіріп, аяғы сынғанына қарамастан күдіктіні ұстады. Қызметіне адал, Батыр-майордың аяғына үш рет ота жасалды. Алты баланың әкесі қазір үйінде емін жалғастыруда.

Бақытжан БӘКІРОВ, ПОЛИЦИЯ МАЙОРЫ:

Сол кезде ол терезеден секірді мен ұстауға әрекет жасадым, артынан бірге құладық. Сол жерге екеуміз де құладық, ол тұрып әрмен қарай қашпақшы болды. Сол уақытта мен оны аяғынан ұстап, қылқындыру әдісіне салып ұстап тұрдым. Жедел уәкіл жұмысын өзім жақсы көремін. Қылмыспен күресу, дейді ғой былай айтқанда.

А. Кемелжан