$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Қарамағындағыларды шоқпармен сабаған полиция басшысы қызметінен кетті

AstanaTV
28.07.2020ж. 20:00
2681
Қарамағындағыларды шоқпармен сабаған полиция басшысы қызметінен кетті

Қарамағындағы тәртіп сақшыларын сабаған сарысулық полиция бөлімінің басшысы қызметінен кетті. Бұл ақпаратта Жамбыл облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі растап отыр. Бейнебақылау камерасынан алынған мына кадрлар бүкіл қазнетті шулатты.

Видеоның бірінде азаматтық киіммен жүрген басшы тәртіп сақшыларын желкеден түйіп өткені көрініп тұр. Екінші видеода сол бастық тағы бір қызметкердің бетінен ұрған. Соққыдан қызметкердің қалпағы жерге ұшып түсіпті. Әлеуметтік желі арқылы тараған материалға қатысты облыстық полиция департаменті ішкі тергеу жүргізген. Нәтижесінде қарамағындағыларға қол жұмсаған Сарысу аудандық полиция бөлімінің басшысы Қуаныш Бекхожаев екені белгілі болды.

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСТЫҚ ПД БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ:

Оқиға, биыл 4-ші маусымда Жамбыл облысының Сарысу аудандық полиция бөлімінде болған. Аталған дерек бойынша, өзіндік қауіпсіздік басқармасымен қызметтік тексеру жүргізді. Қызметтік этиканы өрескел бұзғаны үшін Сарысу ауданы полиция бөлімінің бастығы Қуаныш Бекхожаев орнын босатты.

Д. Мұхаммедкәрім