Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Сардоба су қоймасы құрылысына кәсіби мамандар тартылмаған - Өзбекстан Республикасының Бас прокуратурасы

AstanaTV
28.07.2020ж. 20:00
2895
Сардоба су қоймасы құрылысына кәсіби мамандар тартылмаған - Өзбекстан Республикасының Бас прокуратурасы

Сардоба су қоймасында болған апатқа қатысты Өзбекстанның Бас прокурататурасы бірнеше қылмыстық іс қозғады. 9 адам жауапқа тартылмақ. Алайда, істің күрделілігі мен ауқымдылығын ескере отырып, алғашқы тергеу мерзімі 5 айға ұзартылып отыр. Келтірілген деректерге қарағанда, Сардоба су қоймасы құрылысына 1,2 трлн өзбек сумы жұмсалған. Бастапқы тергеу барысында жобалау жұмыстарында қателіктер кеткені және құрылыс кезінде тиісті талаптар сақталмағаны анықталып отыр. Су қоймасы құрылысына сондай-ақ кәсіби мамандар тартылмағаны белгілі болды. Нысан сонымен бірге қажетті материалдық-техникалық құралдармен жабдықталмапты.

ӨЗБЕКСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БАС ПРОКУРАТУРАСЫ:

Су қоймасына тартылған қызметкерлердің 56 пайызында кәсіби білімі жоқ. 8 пайызының құрылыста тәжірибесі де болмаған.  Құрылыс жұмыстарының сапасы сын көтермейді. 9 адам Қылмыстық Кодекстің 167, 205, 207, 209 және 258-ші баптары бойынша жауапқа тартылды. Қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.

Естеріңізге сала кетейін. Биыл мамырдың 2 күні Өзбекстанда Сардоба су қоймасы жарылып бірнеше елді-мекенді су басып қалған. Топан су Қазақ еліне де зиянын тигізді. Түркістан облысындағы 4 ауылды қызыл су шайып кетіп, 620 отбасы үйсіз қалған еді. Өзбекстан Республикасы апатты мойындап зардап шеккендерге өтемақы төлейтінін де мәлімген болатын.

Д. Мұхаммедкәрім