Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Қазақ-түрік лицейі ұстаздарының босқын мәртебесін алу туралы арызы 90 күн қаралады

AstanaTV
27.09.2017ж. 20:00
4608
Қазақ-түрік лицейі ұстаздарының босқын мәртебесін алу туралы арызы 90 күн қаралады

Елбасыдан босқын мәртебесін сұраған павлодарлық түрік мұғалімдердің арызын арнайы комиссия қарап жатыр. Жергілікті көші-қон қызметі өкілдерінің айтуынша, әзірге бұл азаматтар 3 айға дейін Қазақстанда уақытша тұруға рұқсат қағазын алған. Алайда, алдағы тағдыры комиссияның ұйғарымына қарай шешілетін болады.

Көші-қон қызметінің берген ақпарына сәйкес, түрік азаматтары Демирель Осман мен Алтыншаш Исадан тамыздың 25-сінде арыз түскен. Қазақ-түрік лицейінде жұмыс істейтін оқытушылар биліктен саяси баспана сұрап отыр. Анықталғандай, бұл азаматтардың балалары елімізде заңсыз тұрып жатыр. Өйткені 2016 жылы олардың төлқұжатының мерзімі аяқталған. Осыған байланысты көші-қон басқармасы қабылдаушы тарапты, яғни білім ордасын әкімшілік жауапкершілікке тартқан.

Гомар Шәбиденов, Павлодар облыстық ІІД көші-қон қызметі басқармасының бөлім басшысы:

ҚР Босқындар туралы заңға сәйкес аталған арыз 90 күннің ішінде арнайы комиссиямен қаралады. Комиссияның құрамына барлық мүдделі мемлекеттік органның өкілдері кіреді. Егер комиссия оң шешім шығарса, бұл азаматтарға босқын мәртебесі беріліп, олар Қазақстан аумағында қалуға мүмкіндік алады.