$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Алматы облысы Қызылшарық ауылының тұрғындары жарықсыз отыр

AstanaTV
30.07.2020ж. 20:00
6154
Алматы облысы Қызылшарық ауылының тұрғындары жарықсыз отыр

Бұл - Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданына қарасты Қызылшарық ауылы. Тұрғындар электр желісін өздері тартып алған. 10 жыл бұрын қалталарынан қаржы шығарып, 15 үйге арнап бағана қойып, сым жалғапты. Бүгінде мұндағы отбасы саны жүзден асқан. Есесіне тұтынушылардың барлығына бірдей жіңішке сымдар шыдас бермей жатыр деді.

Қамыржан ЖҰМАБЕКОВ, ҚЫЗЫЛШАРЫҚ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Мына бағаналардың барлығын өзіміз тарттық, халық өзіміз жиналып тарттық. Бірінші көктем шықса 33 гектарға бірінші рет орнатамыз, халықтың жағдайын жасап береміз деген әкім болатын. Ол кетіп қалды. Одан кейінгі әкім ол тағы кетіп қалды. Ал, енді білмеймін.

Қызылшарық ауылы қазір жарықсыз отыр. Үш күн бұрын соққан жел ілдебайланып тұрған электр сымдарын үзіп кеткен.

Аршын КЕМЕЛЖАН, ТІЛШІ:

Қызылшарық ауылының жүзден аса үйіне электр сымдары дәл мынадай жіңішке бағаналар арқылы тартылған. Тұрғындардың өз қолымен тартқан бағанасынан жергілікті әкімдік хабардар. Боран соқса үзіліп қала беретін бағаналарды ауыстырамыз, дегеніне он жылдан асқан. Алайда, ешқандай нәтиже жоқ. Сонымен қатар, тұрғындар дәл осындай сапасыз электр желілері үшін шекті бағадан жеті теңгеге артық төлеп отырмыз, дейді.

Жарыққа жарымай отырған ауылда ауыз судың да мәселесі әлі күнге шешілмеген. Халықтың қолы жеткені үйлеріне құбыр тартып алған, қалғандары солардан тасып ішуге мәжбүр. Ауылда жолдың жыры да бетпеген. Ойдым-ойдым қара жолмен тұрғындар әупірімдеп жүріп жүр. Бірақ әсіресе жаңбыр жауғанда жүру мүмкін емес деп отыр.

Бисехан ЖАНКЕСЕЕВА, ҚЫЗЫЛШАРЫҚ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Мына жолға ешқандай такси келмейді. Ұн, бірдеңе алып келейік деп, 33 десек бәрі қашады. Кірмейміз, сендердің жолдарың құрсын деп. Көктем шықса балшық, кішкентай балалардың барғанына қиын. Бұл әкімдерден шарашадық.

Жиналған халықтың ортасына округ әкімінің орынбасары келді. Келе айқай-шудың астында қалды.

Аса ауылдық округі әкімінің орынбарасы, елдімекенге электр желісін тарту жұмыстары басталғанын хабарлады. еді. Ол үшін қомақты қаржы да бөлінгенін айтты. 

Дәурен ЖЕТКЕНБАЙ, АСА АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Биылға 273 млн. теңге бюджеттен қаржы бөлінді. Қазіргі уақытта энерго холдинг деген мердігер қолға алып, толықтай электр бағаналарын ауыстырып жатыр. Бірінші қазір свет тартып алайық, содан кейін су тартамыз, одан кейін жол түседі.

Атқамінер жарықсыз отырған бұл ауылдың мәселесін қарашаға дейін шешіміз деп уәде етті. Ал, жол мен ауыз судың мәселесі келесі жылға қалатынын да ескертті.

А. Кемелжан