$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Алматылық кәсіпкерлер халықты әлеуметтік қолдауды жалғастыруда

AstanaTV
30.07.2020ж. 20:00
2452
Алматылық кәсіпкерлер халықты әлеуметтік қолдауды жалғастыруда

Алматыдағы нөмірі 7 қалалық клинкалық ауруханасы өкпені жасанды тыныстандыратын тағы үш құрылғымен толықты. Сонымен мұндағы жаңа оттегі жәшіктерінің саны 13-ке жеткен. 

Серікжан САБЫРӘЛИЕВ, №7 ҚАЛАЛЫҚ КЛИНИКАЛЫҚ АУРУХАНАСЫ БАС ДӘРІГЕРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Алғысымызды білдіргіміз келіп отыр осы жергілікті кәсіпкерлерге, "Нұр Отан" партиясына, Наурызбай ауданы әкімшілігіне. Осындағы үш оттегі концентраты бөлімшелерге орналастырылатын болады және науқастарға тікелей қолдануға беріледі.

Түркияда өндірілген құрылғыларды сатып алуға жергілікті кәсіпкер демеушілік жасапты. Мақсат індетпен күреске үлес қосу, деді Есенгелді Талбидинов. Ол енді ШҚО ауруханаларға да оттегі құрылғысын жеткізіп бермекші.

Есенкелді ТАЛБИДИНОВ, КӘСІПКЕР:

Наурызбай ауданының тұрғыны болғандықтан 7-ші клиникалық ауруханаға өзіміздің үш аппаратты беріп отырмыз. Және де сол екеуін ШҚО Үржар ауданындағы, Өскемендегі ауруханаға тағы да үш аппаратты бүгін жеткіземіз.

Сондай-ақ, бүгін Алматыдағы аз қамтылған отбасылар мен дәрігерлер де азық-түлік себетімен қамтылды. "Нұр Отан" партиясының бастамасын жергілікті кәсіпкер қолдап, қаладағы 300 медицина қызметкері және Алмалы ауданындағы 150 әлеуметтік аз қамтылған отбасына көмек көрсетті. 

Гүлмира САТЫБАЛДИЕВА, ТҰРҒЫН:

"Нұр Отан" партиясына көп рахметімді айтамын. Бізге бүгін осындай көмек беріп жатқанына, 50 мың теңге көмек бергеніне көп рахмет айтамыз. Өте ризамыз.

Бүгінгі әлеуметтік себеттің жалпы құны - 5 млн. теңге. Бұл кәсіпкер Абдухалил Долкунтайдың кезекті халыққа жасаған жәрдемі. Кәсіпкер Наурыз айынан бері жалпы құны 94 млн. теңгесін әлеуметтік көмекке жұмсаған. 

Абдухалил ДОЛКУНТАЙ, КӘСІПКЕР:

Қазақстан халқының бірлігін, ынтымағын көрсететін, осындай қиын кезде бір-бірімізге көмектесетін кейінгі ұрпақтарымызға осындай жақсы жұмыстарды қалдыруға ат салысуымыз керек.

Нұротандықтар партияның игі бастамасы, демеушілердің қаржысымен әлі де жалғаса беретінін айтты. Негізі күш әлеуеті аз және бүгінгі күннің батырлары болып отырған- дәрігерлер бағытталалмақ.  

А. Кемелжан