$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Алматы облысында өткен жауынгерлік дайындыққа 200-ден астам танк жұмылдырылды

AstanaTV
03.08.2020ж. 20:00
2450
Алматы облысында өткен жауынгерлік дайындыққа 200-ден астам танк жұмылдырылды

Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары Мұрат Бектанов, Алматы облысында орналасқан әскери гарнизондарындағы жауынгерлердің дайындығын көзбен көріп қайтты. Сондай-ақ қоймалардағы қару-жарақ пен оқ-дәрілердің сақталуы ережелері қаншалықты орындалғанын тексерді. Қапшағайдағы десанттық-шабуыл және Отардағы артиллериялық және танк бригадалары ашық полигонға шығып, атысқа даярлықтарын пысықтады. Атыс қаруынан оқ атып, жаудың шартты диверсиялық топтарының шабуылын тойтаруға ат салысты. Сонымен қатар, алдын ала жасалған сценарийге сай, ұшқышсыз ұшу аппараттары күзетілетін объектілерге соққы берді. Ауқымды іс-шараға 200-ден астам танк, 10-ға жуық ұшақ пен тікұшақ, өзге де әскери техника тартылған. Күрделі эпидемиологиялық жағдай мен күннің ыстығына қарамастан, оқу-жауынгерлік міндеттер сәтті орындалды. Барлық өткізілген шаралар бойынша жергілікті жерлерде талдау жүргізілді. Тиісті нұсқаулар мен тапсырмалар жауапты тұлғаларға жолданды. Бас штаб бастығы қорытынды сөзінде жеке дайындықтың деңгейін жақсы деп бағалады, бөлімшелердің үйлесімділігін және жеке құрамның жоғары моральдық рухын атап өтті. Айта кетейік, әлемді жаулаған пандемиямен күреске, Қарулы күштерде бір кісідей ат салысып жатыр. Әскерилер әлі де елді-мекендерді дезинфекциялауға қатысуда. Соған қарамастан әскери дайындықта да ұмытқан емес.

Д.Мұхаммедкәрім