Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Beeline «World of Tanks» киберспортшылары үшін жаңа тарифті іске қосты

AstanaTV
03.08.2020ж. 20:00
2075
Beeline «World of Tanks» киберспортшылары үшін жаңа тарифті іске қосты

Компьютерлік ойын геймерлері үшін ерекше жаңалық. Beeline, Wargaming компаниясымен бірлесіп «Ойын» тарифтік жоспарын іске қосты. Ойыншылар үшін секундына 100 мегабит интернет трафик пен «World of Tanks» ойынының эксклюзивті мүмкіндіктері қатар ұсынылып отыр. 

Максим ЦВЫКОВ, "BEELINE ҚАЗАҚСТАН" МАРКЕТИНГ ДИРЕКТОРЫ:

Үйдегі шексіз интернет пен «World of Tanks» ойынының эксклюзивті аккаунты айына бар болғаны 5990 теңге тұрады. Біздің тұтынушыларымызға ыңғайлы болу үшін біз ұялы байланыстағы шексіз интернет пен үйдегі телевиденияны бір шотқа біріктірдік.

«Wargaming» - компьютерлік ойындар жасайтын ТМД-ғы танымал компания. Мысалға осы компанияға «World of Tanks» ойыны тиесілі. Оның аудиториясы әлем бойынша 160 млн адамды құрайтынын, айта кеткен жөн. Қазақстандағы ойыншылардың саны 100 мыңнан асады.

Алексей ОЛЕХНОВИЧ, «WORLD OF TANKS» АРНАЙЫ ЖОБАЛАР МЕН ИННОВАЦИЯЛАРДЫ ЖӨНІНДЕГІ ДЕПАРТАМЕНТ БАСШЫСЫ:

«Ойын» тарифі Беларусь, Ресей және Украинадағы ойыншыларымыз арасында танымал болып үлгерді. Енді міне, Қазақстан Республикасындағы «танк» жанкүйерлері тарифтің бар мүмкіндігін пайдалана алады. Осы елдегі ойыншылардан тарифті іске қосу туралы өтініш көп түсетін. Олардың өтінішіне құлақ аса отырып "Beeline Қазақстанмен" жоспарды жүзеге асырдық.

«Wargaming» компьютерлік ойындарының авторлары алдағы уақытта «Ойын» тарифінің пайдаланушылары үшін эксклюзивті турнирлер өткізбек. Бұл Beeline компаниясының «Үйдегі интернет» тарифтік жоспарларының аясын кеңейтіп отыр.

Ә. Өмірзақ