$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Павлодарда карантин талабын елемейтін кәсіпкерлер көбейді

AstanaTV
05.08.2020ж. 20:00
2086
Павлодарда карантин талабын елемейтін кәсіпкерлер көбейді

Карантин талабын елемейтін кәсіпкерлер Павлодарда да табылды. Түңгі рейдке шыққан тәртіп сақшылары бір сағаттың ішінде кешкі сағат 9-дан кейін жұмыс істеген 7 бірдей нысанды анықтады. Олар негізінен дүкендер мен дәмхана, монша секілді қоғамдық орындар. Дүкендер тіпті түнгі уақытта ішімдік сатқан. Ал моншалар түнде жасырын жұмыс істеп келген. Карантин басталғалы полицейлер 330-дан астам заң бұзушылықты анықтады. Меншік иелерінің заңсыз әрекетіне қатысты хаттамалар толтырылып, өңірдің тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментіне жолданды.
 
Жасқайрат ҚАЙЫРОВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ ПД БАСТЫҒЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:

Полиция департаменті Бас санитардың қаулысын орындауға және санитарлық талаптарды бұзбауға шақырады. Нақтырақ айтсақ, дәмхана, мейрамхана иелеріне мерекелік іс-шаралар өткізбеуін, дүкен және басқа да сауда нысандарының белгіленген кесте бойынша жұмыс істеуін сұраймыз.

Ө. Қуанар