Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Биыл елдегі тың 33 жағдайы өліммен аяқталған, - ҚР ІІМ

AstanaTV
06.08.2020ж. 20:00
1728
Биыл елдегі тың 33 жағдайы өліммен аяқталған, - ҚР ІІМ

Биыл елде болған тұрмыстық зорлық-зомбылықтың 33 жағдайы өліммен аяқталған. Ішкі істер министрлігінің мәліметіше, жыл басынан бері 241 жағдай тіркеліпті. Сорақысы сол, оның 237-сі шектеу шаралары енгізілгелі бері сипат алған жанұялық кикілжіңдер. Отбасылық жанжал өкінішке орай жылдан жалға өсіп келеді. 2015 жылы - 412 жағдай тіркелсе, оның 293-і сотқа жіберілген. 2016-да: 418, 2017-де: 375, 2018-де: 793, 2019-да: 898.

Арман МӘТЖАН, ҚР ІІМ ТЕРГЕУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ЕРЕКШЕ ІСТЕР ЖӨНІНДЕГІ АҒА ТЕРГЕУШІСІ:


31 шілдеге дейінгі аралықта 237 қылмыстық құқықбұзушылық тіркелген. Бұл өткен жылдың осы мерзімінің аралығында салыстырғанда 41,7 пайызға көп. Яғни өткен жылы дәл осы 16 наурыздан 31 шілдеге дейінгі аралықта 168 осындай қылмыстық құқықбұзушылық тіркелген болатын.
 
Карантин кезінде тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін  жауапқа тартылғандар саны 21 пайызға өскен. Келтірілген деректерге қарағанда, өзін-өзі оқшаулау кезінде 8 мыңнан астам азамат тұрмыстық зорлық-зомбылық фактісі бойынша жауапқа тартылған. Оның жартысы әкімшілік қамауға алыныпты. Дағдарыс орталығына 500-ден астам жәбірленуші жіберілген. Отбасылық керістің көбеюі учаскелік инсекторлардың жетіспейтінін аңғартты.

Әсет ОСПАНОВ, ҚР ІІМ ӘКІМШІЛІК ПК ЮВЕНАЛДЫ ПОЛИЦИЯ ЖӘНЕ ӘЙЕЛДЕРДІ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТАН ҚОРҒАУ БӨЛІМІНІҢ БАСТЫҒЫ:
 
Өкінішке қарай, бүгінгі күнде 3000 учаскелік полиция инспекторлары жетіспейді. Әсіресе,қажеттілік ауылдық жерлерде байқалады. Мұнда 1500 қызметкер керек. Қазіргі таңда осы бағытта тиісті жұмыстар жүргізілуде.

Дәз тұзы жараспай қалған жұптардың тым көбейіп кеткендігіне психологтарда алаңдаулы. Айтуларынша, кикілжіңнің үдей түсуіне көбіне ерлі-зайыптылардың арасындағы түсініспеушілік себеп.

 Ғалияш МАҚАШОВА, ПСИХОЛОГ:

Егер ол ақылға келмейтін болса бірінші кезекте әрине, оның айтқан ескертулерін қайта-қайта оның айтқан кекесін-ноқасындарын ойынға айналдырып көріңіз. Ойынға айналдырып, күліп яғни сосын көбіне артықшылықтарын көруге тырысыңыз. Өйткені, бұл адамдарда көп комплекс. Үйде беделін  көтеріп көріңіз, алысып-жұлысып оны ушықтырудың керегі жоқ.

Министрлік деректеріне қарағанда, жыл басынан бері елімізде тұрмыстық зорлық-зомбылық бойынша 13 мыңнан астам адам әкімшілік жауапқа тартылыпты.

А. Данияр