$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Бейрутта жарылған аммиак селитрасының қожайыны табылды

AstanaTV
07.08.2020ж. 20:00
2779
Бейрутта жарылған аммиак селитрасының қожайыны табылды

Бейрутта жарылған аммиак селитрасының иесін Кипр полициясы тапты. Ресейлік кәсіпкер Игорь Гречушкиннен жауап алған. Бірақ, полиция оның не айтқанын ашып айтпай отыр. "Reuters" агенттігінің хабарлауынша, бизнесменді Кипр полициясы Интерпол сұрауы бойынша ұстаған. Жарылыстың себеп салдарын Ливан әскери прокуратурасы да анықтауға кірісті. Олар порт әкімшілік кеңесі мен кеден басқармасынан 18 адамнан жауап алды. 16 адамның тұтқындалғаны белгілі болды. Еске сала кетейін, сейсенбі күні Бейрут портында жойқын жарылыс болды. Қаза тапқандар саны осы күнде 145 адамға жетті. Ел аман жұрт тынышта болған жарылыс Бейрутта толқулар тудырды.

Ел көшеге шығып Үкіметке қарсылық білдірды. Олар жаңа сайлау өткізіп Тәуелсіз Үкімет құруды талап етті. Ереуіл арты бейберекетікке әкеліп соқты. Жиналған жұрт арнайы жасаққа тас лақтырса, күштік құрылымдар көз жасаурататын газ қолданған. Қақтығыстан 60 адам түрлі дене жарақатын алып, 11 адам ауруханаға түсті.

Ә. Өмірзақ