Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Пневмонияға шалдыққан дәрігерлерге де өтемақы тағайындалады

AstanaTV
13.08.2020ж. 20:00
2666
Пневмонияға шалдыққан дәрігерлерге де өтемақы тағайындалады

Карантин кезінде пневмонияға шалдыққан дәрігерлерге де өтемақы төленеді. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов мәлімдеді. Мұндай шешім COVID-19 бен короновирустық инфекция белгілері бар пневмония тізімі біріктірілгеннен кейін қабылданған. Басқарма басшысының айтуынша, ақ халатты абзал жандарға өтемақы алдағы екі апта ішінде беріле бастауы тиіс. Қытайлық індетке шалдыққан медицина қызметкерлері аз емес. Тимур Мұратовтың айтуынша, бір ғана Елорданың өзінде бір мыңнан аса дәрігер ауырып, оның 20-сы қаза болған.

Тимур МҰРАТОВ, НҰР-СҰЛТАН қ. ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Ауру жұқтырған медицина қызметкерлеріне 2 және 10 миллион теңге өтемақы тағайындау туралы құжат дайындалып жатыр. Ол, алдағы аптада арнайы комиссияға жолданады.

Елордалық бас дәрігердің айтуынша, індеттің күзде келетін кезекті толқынына отандық медицина сақадай сай. Осы күнде дәрі-дәрмек қоры толықтырылуда. Препараттардың бағасын қадағалауда назарға алынғанын, деді.  Еске сала кетейік, елде короновирустық инфекция жұқтырғандар саны 100 мыңнан асса, 76 мыңға жуық науқас аурудан айыққан. Ал қауіпті індеттен көз жұмғандар 1200-ден асты.

Ғ.Өтемісов