Ауа райы -
×
Негізгі / Жаңалықтар / Павлодарда туған күн өткізген мейрамханаға 640 мыңдай айыппұл салынды

Павлодарда туған күн өткізген мейрамханаға 640 мыңдай айыппұл салынды

Павлодарда туған күн өткізген мейрамханаға 640 мың теңгеге жуық айыппұл салынды. Ал кеш иесі 83 мың теңге төлеуге міндеттелді. Осылайша өңірде банкет жасап, 25 жасын тығыылып тойламақ болған бойжеткеннің әрекеті әшкере болған. Тәртіп сақшылары мен арнайы тексеру тобы 25 адамға арналып жайылған дастарханының үстінен түскен.

Жасқайрат ҚАЙЫРОВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ ПД БАСТЫҒЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:

Абай көшесінде бір ресторанда 25 жасар қыз өзінің туған күнін өткізіп, жастар ғана болып, көршілер айғай-шу болған соң, бізге телефон шалып, соған мониторинг топ шығып, әкімшілікке тартылды.

Аталған дерек бойынша дастархан жайған туған күні иесі де, оған келісім берген мейрамхана әкімшісі де жазаланды. Тиісті хаттама толтырылып, тауарлар және көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментіне жолданған. Олар Әкімшілік жаза тағайындапты. Жалпы, өңірде карантин талаптарын елемеген 400-дан аса адам жауапкершілікке тартылып, айыппұл арқалаған.

Ө. Қуанар