Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев Үшарал гарнизонының бүгінгі жай-күйімен танысты

AstanaTV
13.08.2020ж. 20:00
1621
Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев Үшарал гарнизонының бүгінгі жай-күйімен танысты

Үшарал гарнизонының бүгінгі жай-күйі қандай? Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев жұмыс сапарымен осында келді. Әскерилердің тіршілігімен танысып, зымыранды-артиллериялық қару-жарақ қоймаларын аралап, авиациялық құралдарды тексерді.

Минситрге жаңа дронға қарсы қару таныстырылды. Ол радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтында жасалған.

Дронға қарсы қарудың жұмысы қарапайым, бірақ өте тиімді. Осылайша бақылау жүргізуге жіберілген дрондарды ұстап, қондыруға болады.
 
Кейіннен Нұрлан Ермекбаев пандемия кезінде тіпті маңыздылығы арта түскен санитарлық-эпидемиологиялық орталыққа барды. Мұнда ПТР зертхана орналасқан. COVID-19-дан бөлек 20-ға жуық инфекциялық ауруды анықтайтын арнайы құралдармен жабдықталыпты. Мұнда күніне түрлі деңгейдегі 120 зерттеу жұмысы жүргізіледі. Артынша министр «Армия халықаралық ойындары-2020» аясында өтетін «Танк биатлоны» сайысына қатысушыларымен кездесті.

Нұрлан ЕРМЕКБАЕВ, ҚР ҚОРҒАНЫС МИНИСТРІ:

Сіздерге қарулы күштермен мемлекетіміздің намысын қорғау, жауынгерлік дағдыны, тактикалық шеберлікті, команда құрамында әрекет ету біліктілігін көрсету құрметі сеніп тапсырылды.

Ел үмітін артқан әскерилерде, сенімді ақтауға бар-күш жігерін салып жатқандарын жеткізді. Олар жарысқа сақадай сай екендіктерін айтып, әрі жеңіс тұғырынан көрінетіндеріне сенімді.   

Сейтжан ҚОБЫЛАНҰЛЫ, ЛЕЙТЕНАНТ:

Конкурсқа дайындық өте жоғарғы деңгейде. Моральдық тұрғыда да атысқа деген дайындығымыз өте жоғарғы деңгейді.

«Армия халықаралық ойындары» Мәскеу маңындағы «Алабино» полигонында өтеді. Өткен жылы Қазақстандық команда ьұл додада үшінші орын алған еді.

Ә. Өмірзақ