Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Карантинді жеңілдетудің алғашқы кезеңінен өтпесек, қатаң карантинді қайта енгізуге тура келеді, ҚР Бас санитарлық дәрігері

AstanaTV
14.08.2020ж. 20:00
2908
Карантинді жеңілдетудің алғашқы кезеңінен өтпесек, қатаң карантинді қайта енгізуге тура келеді, ҚР Бас санитарлық дәрігері

Карантин кезінде 1 миллион 300 мыңнан астам қазақстандық жұмыссыз қалған. Бұл - «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының дерегі. Алдағы дүйсенбіден бастап күшейтілген карантин талаптары жеңілдетіледі. Осыған орай біраз орталықтар жұмысын қайта бастайды. Дегенмен кейбір орындарға шектеу сақталмақ. Олардың арасында кинотеатрлар, балаларға арналған ойын-сауық орындары, барлар мен түңгі және ойын клубтары бар. Мұндай кәсіп иелеріне 42 мың 500 теңге төлем жасау мәселесі әлі шешілмепті.  

Эльдар ЖҰМАҒАЗИЕВ, "АТАМЕКЕН" ҰКП БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:


Тыйым салынған қызмет түрлері әлі де бар, бұл мәселені талқыладық. Қазір біз өзіміздің ұсыныстар пакетін дайындап жатырмыз. Нысандарды аралап шықтық. Бизнес өкілдері ешқандай кіріс жоқ дейді. Өтемақы төлеу негізінен бюджет мүмкіндігіне байланысты жүреді. Алдағы бір-екі күндеғ біз экономика министрлігіне өз ұсынысымызды енгіземіз.

Дегенмен жұмысқа шыққан кәсіпкерлердің өзі, 40 пайыз табысына қағылмақ. Өйткені сенбі-жексенбі күндері ел аумағында локдаун сақталатын болды. Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Айжан Есмағамбетова, бұл қадам коронавирустың тәуліктік өсімін әлі де төмендету үшін жасалып отырғанын жеткізді. Жеңілдетудің бірінші кезеңінен өте алмасақ, қайта қатаң шараларға көшуге тура келетінінде де ескертеді. 

Айжан ЕСМАҒАМБЕТОВА, ҚР БАС МЕМЛЕКЕТТІК САНИТАРЛЫҚ ДӘРІГЕРІ:

Инфекцияның таралуында басты себеп не? Ол - адамдардың қарым-қатынасы. Өздеріңіз жақсы білесіздер, демалыс күндері адамда көп жүреді. Көшеге шығады, қыдырады. Сондықтан локдаун әзірге сақталады.


Ә. Өмірзақ