Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×
Реклама на сайте

Карантин режимі жеңілдеп астаналық мекеменің 50% жұмысын бастады

AstanaTV
17.08.2020ж. 20:00
2751
Карантин режимі жеңілдеп астаналық мекеменің 50% жұмысын бастады

Бүгін карантин шараларын жеңілдетудің алғашқы күні. "Қытайлық індеттің" таралуына байланысты жұмысы тұралап қалған елордалық орталықтардың 50 пайызы- бүгін есігін айқара ашты. Жұмысы жанданбай қалғандар арасында кинотеатрлар мен тойханалар бар. Карантин кесірінен кәсіпкерлер қанша қаражаттан қағылды? Әлішер Өмірзақ жалғастырсын.

Карантин режимі жеңілдегенімен кейбір ережелер сақтаулы. Мысалға әр мекеме келіп-кеткен адамдардың қызуын тексеруі керек. Дене қызымы егер, 36,6 градустан жоғары болса онда ол кіргізілмейді. Медициналық бетперде де міндетті. Сауда орындарында ел әрине бұрыңғыдай көп емес, деседе тұтынушылар қарасы аз емес. Бір ашылып бір жабылып қала берген орталық саудагерлері де бұл күнді ұзақ күтті.

Андрей ЧИГАРОВ, САУДА ОЙЫН-САУЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

Біз ғимартта орынды жалға алып, бизнесін дөңгелетіп отырғандардың барлығымен сөйлестік. Ешқайсысы кетіп жатқан жоқ. Жұмыс істемей жабық тұрғандары ол ережеге сай ашылуға әлі рұқсаты жоқтар. Олардың арасында балалар ойын алаңы мен кинотеатрлар бар.


Жұмысы бүгін жанданай қалған мекемелер арасында тойханалар бар. Олардың нақты қашан ашылатынын құзырлы органдар да басып айта алмайды. Бәрі эпидемиологиялық жағдайға байланысты.

Руслан ЫДЫРЫСОВ, НҰР-СҰЛТАН қ. ӘКІМДІГІ САУДА ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ САЛАСЫН ДАМЫТУ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:


Өкіншіке қарай көп адамның қатысуымен өтетін шараларға әзірге рұқсат жоқ, ғимараттар да ашылмайды. Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің қаулысы осындай.

Ал, есігін айқара ашқан сауда орталықтары ішінде құрылыс дүкендері бар. Олардың дені онлайн саудаға ауысқан. Бірақ...

Оксана СУХОРУКОВА, САУДА ЖӨНІНДЕГІ ДИРЕКТОРДЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Онлайн сауда әрине жүре береді. Бірақ құрылыс материалдары болған соң, оны көзбен көріп, қолмен ұстап көру керек. Сондықтан табыс шамамен 70 пайызға азайды. Енді табысымыз артады деп үміттенеміз.

Әлішер ӨМІРЗАҚ, ТІЛШІ:

Бүгін сауда орталықтарынан бөлек жаттығу залдары да ашылды. Біз қазір сондай залдардың біріндеміз. Фатиха ханым, айтып өтсеңіз, жұмыс нешеден басталды, адамдар көп келіп жатыр ма?

Фатиха ӨНЕРБАЕВА, СПОРТ КЛУБЫНЫҢ ӘКІМШІСІ:

Таңғы 7-ден кешкі 5-ке дейін жұмыс істейміз. Қазір 10-нан астам клиент бар. Адамдардың көбі кешкі 7-ге дейін жұмыс істейді. Оларға ыңғайлы болар еді, егер 8, 9-ға дейін істесек.

Айта кетейік, елде коронавирус жұқтыру көрсеткіші азайғандықтан карантин шараларын жеңілдету туралы шешім қабылданды. Дегенмен бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Айжан Есмағамбетова, жағдай ушығатын болса қатаң карантинге оралуымыз мүмкін екенін ескертті.

Ә. Өмірзақ