Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Базар ашылады деп жиналған саудагерлер шу көтерді

AstanaTV
17.08.2020ж. 20:00
3411
Базар ашылады деп жиналған саудагерлер шу көтерді

Бүгін жұмысқа шыққан атыраулық саудагерлер, ішке кіргізілмеді. Бұған ашулы топ шу көтерді. Шаһардағы ең ірі базар кәсіпкерлері сауда орнының ашылуын талап етті. Айтуларынша, 5 айдан бері табыссыз қалған, қазір несие төлей алмай жүргендері жетерлік. Базарды жергілікті билік неге ашпады? Қашан ашады? Бұл сауалдарға аймақтағы әріптесім жауап іздеді.

«Дина» базарының алды таңертеңнен бері у-шу. Сауда қызғаннан емес. Керісінше, саудагерлер карантин басталған 5 айдан бері күнкөрісіміз күрт нашарлады деп ашуға булықты. Айтуларынша, бірер күн бұрын базар әкімшілігі 17- тамыз күні ашылатынын хабарлаған. Дүңгіршіктерін санитарлық талапқа сай тазалауды да тапсырыпты.
 
Нұргүл МЫРЗАҒАЛИЕВА, САУДАГЕР:
 
Кеше «ашамыз»,-  деді. Кредитіміз басымыздан асады. Біз бүгін мәз боп келдік. Бүгін  «жабық» дейді. Кредитімізді бәленбай есеге өсіріп жіберді. Сотқа беріп жатыр алды. Оны қалай төлейміз? Ауру баламызды қалай асыраймыз үйдегі?


Адау ДЕМЕШОВА, САУДАГЕР:

17-сінде келіңдер деді. Келдік ал. Барлығымыз жүрміз бала-шаға азып тозып. Халықтың бәрі жаңа кетіп алды. «Ертең кел», «тұсқайта кел», «бірсүгіні кел»,-  деген соң. Масқара емес пе мынау деген. Халықтың қамын ойламай ма? 

Базар аумағында далада орналасқан нүктелер саудасын карантин мезгілінде тоқтатқан жоқ. Жабық павилиондағы кәсіпкерлер осыған ренішті.

Кәмшат ӘДІЛОВА, САУДАГЕР:

Павилиондардың бәрі жабық. Жарты базар жұмыс істеп тұр. Жарты базар жатырмыз. Үкіметтің берген 42 мың мен 21 мыңын жеп жатырмыз үйде. Енді Үкімет оны да бермейді ғой, бізге. Біздің пенсиямыз жоқ. Халық көбі аш. Бас санитарды шақырдық, келген жоқ. Акимат неге келмейді?

Наразы топқа, шенділер түскі астан соң ғана қара көрсетті. Облыс әкімінің орынбасары мен бас санитар келіп, сауда орталығын әбден аралап шақты. Артынша кемшіліктерді тізіп берді. 

Мұрат ХАМЗИН, АТЫРАУ қ. ТАУАРЛАР ЖӘНЕ КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТ САПАСЫ МЕН ҚАУІПСІЗДІГІН БАҚЫЛАУ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

 
Кемшіліктер көп болды. Ең бастысы вентеляция болды. Мысалы, бір павилионның ішінде ауа жоқ. Дезтунельдер болды кіріп келгенде антисептик шашатын. Сосын термометрия өткізетін тепловизор болу керек кіріп келгенде адамның температурасын өлшейтін.

Базар әкімшілігі бұл талаптарды 10 күннің ішінде орындауға уәде етті. Ал жанұшырған саудагерлерге ертеңнен бастап жұмысқа кірісуге рұхсат берді.

Б. Надирқызы