$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Ащысайда адам өлтірген күдіктілер әлі табылмады

AstanaTV
17.08.2020ж. 20:00
3190
Ащысайда адам өлтірген күдіктілер әлі табылмады

Алматы облысы Ащысай елді-мекенінде кісі өлтіргендер әлі ұсталған жоқ. Облыстық полиция- жедел шаралар жүріп жатқанын хабарлады. Жергілікті тұрғынды- өткен сенбі күні өз үйінде белгісіз біреу пышақтап кеткен. Ішінен жарақат алған ер адам Шелек ауылындағы ауруханаға жеткізілді. Алайда оның өмірін дәрігерлер сақтап қала алмады. Аталған факті бойынша Қылмыстық Кодестің 99-шы бабы 1-ші бөлігімен, яғни "Адам өлтіру" бабымен іс қозғалған. Полиция түрлі алып қашпа ақпараттардың да тарап жатқанын жоққа шығармайды. Құзырлы мамандар жалған ақпарат таратқандарға қылмыстық жауапкершілік барын ескертті.

Т. Оспанбаева