Спорт Қазақстан
$444.14 €477.05 ₽4.85
×

4 жастағы баланы жауыздықпен өлтірген зейнеткерге қатысты сот үкімі шықты

AstanaTV
17.08.2020ж. 20:00
2477
4 жастағы баланы жауыздықпен өлтірген зейнеткерге қатысты сот үкімі шықты

Қызғаныштың құрбаны. Қостанай облысында зейнеткер өгей немересін жауыздықпен өлтірген. 65 жастағы қатігез қария 4 жастағы баланы әжесінен қызғанып, жантүршігерлік қылмыс жасапты. Қайғылы оқиға Қарасу ауданында наурыздың 17-де болған. Сот залында тараған ақпаратқа сенсек, ол бірге тұрып жатқан әйелдің немересімен оңаша қалған сәтті пайдаланған. Араққа сылқия тойып алып, алдымен аямай ұрып, кейін қырық литрлік ыдыстың ішіндегі суға батырып өлтіріпті. Зейнеткер сотта кінәсін толық мойындады. Іс қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотта онлайн режимде қаралып, бүгін үкім кесті.

Зәуре ЕДИКОВА, ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСТЫҚ СОТЫ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:

Сот үкімімен,ол Қылмыстық кодекстің 99 бабы 3-ші бөлімі бойынша кінәлі деп танылды. Ол, өмір бойы педогогикалық қызметтер атқару құқығынан және 20 жылға бас бостандығынан айырылды. Жазасын қауіпсіздігі барынша жоғары түзеу мекемесінде өтейді.


З. Санай