Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Павлодарда, шаш бояймын деп бас күйдірген шаштараз келіншекке қатысты сот үкімі өзгеріссіз қалды

AstanaTV
17.08.2020ж. 20:00
2431
Павлодарда, шаш бояймын деп бас күйдірген шаштараз келіншекке қатысты сот үкімі өзгеріссіз қалды

Павлодарда шаш бояймын деп бас күйдірген шаштаразға қатысты сот үкімі өзгеріссіз қалды. №2 сот үкіміне сәйкес, 49 жастағы шаштараз келіншек- 40 сағаттық қоғамдық жұмысқа тартылып, зардап шеккен жігітке 400 мың теңге моралдық өтемақы төлеуі тиіс еді. Алайда, шаштараз оған келіспей аппеляцияға беріпті.

Гүлсім АХТАЕВА, ПАВЛОДАР ҚАЛАЛЫҚ №2 СОТЫНЫҢ БАС МАМАНЫ:

40 сағаттық қоғамдық жұмыстарға тартылған Қанжығалиеваға қатысты Павлодар қалалық №2 сотының үкімі өзгертусіз қалдырылды. Қаулы заңды күшіне енді.


Еске сала кетейін. Бұл оқиға биыл ақпан айында болған. Шашын боятуға барған 19 жастағы жігіттің басы препараттарға күйіп қалып, ауруханаға түскен.

Еркін НҰРҒАЛИЕВ, ПАВЛОДАР ҚАЛАЛЫҚ №1 ЕМХАНАНЫҢ БӨЛІМ МЕҢГЕРУШІСІ:


Күйіктің дәрежесі 2-ші, 3-ші дәреже. Көлемі 1 процентке жетеді. Енді бұл науқас бізге келгенде өміріне қауіп болған жоқ енді. Біздің дәрігерлер  травматолог дәрігерлер жараны емдеп шығарды. Қазір оның қорытындысы жаман емес.

Ө. Қуанар