Ауа райы -
Негізгі / Жаңалықтар / Арыс халқына көмекке арналған қаражаттан оралдық шенеуніктер 50 миллион теңге жеп қойған

Арыс халқына көмекке арналған қаражаттан оралдық шенеуніктер 50 миллион теңге жеп қойған

Арыс халқына арналған қаражаттың 50 млн теңгесін оралдық шенеуніктер қолды қылған. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің хабарлауынша, парақорлар қалтаға басқан ақшаға 46 үйді жөндеуге болады екен. Аса ірі көлемдегі қаражатты, Батыс Қазақстан облысының Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының лауазымды тұлғалары жымқырыпты. Осы уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.

Данияр БИГАЙДАРОВ, ҚР СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІ 1-ШІ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ АСА МАҢЫЗДЫ ІСТЕР ЖӨНІНДЕГІ ТЕРГЕУШІСІ:

Облыстық Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының лауазымды тұлғалары мердігер мекеме өкілдерімен сөз байласқан. Осылайша, 2019 жылдың тамызынан желтоқсан айлары аралығында 50 млн. теңгеден астам аса ірі мөлшердегі бюджет қаражатын жымқырғаны белгілі болды.

Е. Карин